Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы, ал мал дегенде он шақты ешкісі ғана бар екен. Бір күні баласы ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді. Оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді екен. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүріп, бір күндері шешесіне келіп: – Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Оны ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме еді?– дейді.