Балалардың жазу дағдысын қалыптастыруға арналған «Балапанның жазуы» жиынтығы үш дәптерден тұрады. Дайындық кезеңіне арналған дәптерде әріптердің жеке элементтерінің жазылу үлгілері берілген. Әріптермен танысу барысында әрбір әріптің көрінетін және қозғалатын элементтеріне талдау жасалады, әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріптері мен кіші әріптерін жазу салыстырмалы түрде көрсетіледі. Сөздегі әріптерді бір-бірімен қосып жазудың әдісі қарастырылған. Өтілген тақырыптарды бекітуге және сөздердің дыбыстық сызбасын жасауға арналған тапсырмалар берілген. Сонымен қатар бояуға, айналдырып қоршауға және үзік сызықтар арқылы қосуға арналған түрлі тапсырмалар берілген. Бұл оқу құралы Қазақстан Республикасының білім беру стандартына сай дайындалды.