Ұсынылып отырған дәптерде баланың математикадан сапалы білім алуына бағытталған есептеу сауаттылығын дамыту мен қалыптастыруға арналған оқу-жаттықтыру тапсырмалары жинақталған және 2-4 сынып білім алушыларына арналған.
Дәптер білім алушылармен сабақ барысында көбейту кестесін үйрену кезінде жеке жұмыс ұйымдастыруда дидактикалық материал ретінде, қалыптастырушы бағалау кезінде, сонымен қатар, сабақтан тыс уақытта өздігінен үйрену сабақтарында пайдалануға ұсынылады.
Ата-аналарға таптырмас көмекші құрал болып табылады.