Бұл құрал 5–6 жастағы балалармен жүргізілетін сабақтарға арналған. Құралда баланың зейіні мен есте сақтауын, ойлауын, сөйлеу қабілеттерін және қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған әртүрлі қызықты жаттығулар енгізілген.
Бұл құралды пайдаланып баламен сабақ өткізу оңай және қызық болады. Құралдағы әртүрлі жалықтырмайтын тапсырмалар баланың танымдық және шығармашылық әлеуетін ашуға, графомоторлы дағдысын дамытуға, 10-ға дейін санауды қайталау мен әліпбиді есте сақтауға, оқу дағдысы мен есептерді шығаруда жаттықтыру жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Құрал балаға жақсы көңіл күй сыйлайды және баланы мектепке дайындауға көмектеседі.