Ұсынылып отырған жадынамалық карточкалар жиынтығы 5–9 сыныптардың оқу бағдарламасына сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен анықтамалық мәліметтер береді. Барлық мәліметтер көрнекілікпен берілген, түсіндіруге ыңғайлы, өтілген тақырыптарды есте сақтау мен қорытындылауға оңай әрі ыңғайлы. Осының арқасында, оқушы көп көлемдегі мәліметтерді оңай бағдарлауына және тіпті қиын тақырыптарды меңгеруіне мүмкіндігі болады.
Жадынаманы сыныптағы жұмыста, үй тапсырмасын орындауда, емтихан мен жиынтық бақылау жұмыстарына дайындық кезеңінде, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту кезінде де пайдалануға болады.