Британ аралдары халықтарының ертегісінің желісі бойынша. Ертеде бір жесір әйел өмір сүріпті, оның Джәк атты ұлы болыпты. Джәк сынды балалар туралы "Жатырынан жүйкелеп туған" деген сөз бар. Бірақ Джәк ешкімге жамандық жасамайтын аққөңіл, кішіпейіл, анасын жанындай жақсы көретін. Осы қасиеттердің өзі үлкен адамгершілік емес пе?! Жесір әйел мен Джәктің мал дегенде Ақшаңқан атты жалғыз ала сиыры болыпты.