Латыш халық ертегісінің желісі бойынша. Бір адамның жеті ұлы болыпты. Ұлдарын қанша жақсы көргенімен, әке-шешесі "Келесі перзентіміз қыз болса" деп армандайды. Ата-анасына қосылып ұлдары да "Соңымыздан қарындас ерсін" деп Құдайдан тілейді. Күндердің бір күнінде аналары жүкті болып, өмірге қыз бала әкеліпті. Отбасы мүшелерінің қуаныштары қойнына сыймайды. Кішкентай қыз сондай сүйкімді болғанымен, өте әлжуаз, нәзік екен. Оның амандығын тілеген ата-анасы өз дәстүрлері бойынша шоқындырмақ болады. Мезгілі келгенде әкесі ұлдарын құдыққа жұмсап, "Қызды шоқындыруға қажетті су алып келіңдер" дейді.