Ағайынды Гриммдер ертегісінің желісі бойынша. Ертеде бір патша өмір сүріпті. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар, теңдессіз сұлу қызы болыпты. Алайда, қанша сұлу болғанымен, мінез-құлқы нашар, өркөкірек, тәкаппар екен. Ол жігіттердің ешқайсысын менсінбепті. Келгендерді бірінен соң бірін қайтарып, онымен қоймай,мазақ етіпті. Бірде патша сарайда үлкен ойын-сауық үйымдастырады. Сөйтіп, жер-жердегі "күйеу бала боламын" дегендердің бәрін шақыртады. Ханшайым олардың арасынан өзіне күйеу жігіт таңдауы тиіс болатын. Алайда қызы әйтеуір бір кемшілік тауып, ешқайсысын жақтырмайды.