Ағылшын халық ертегісінің желісі бойынша. Ертеде, тым ертеде бір король болыпты. Оның әйелі өліп, король қайта үйленеді. Екінші алған әйелінің артынан Кейт деген қыз еріп келеді. Корольдің Энни есімді өте сұлу, мүсіні де сымбатты қызы болатын. Энни мен Кейт өгейліктері байқалмай, бірге туған апалы-сіңлілер секілді өте тату болып өседі. Бірақ өгей шешеге Жннидің әдемілігі ұнамайды. Оны Энни өскен сайын "Көркі қызымның көркінен асып кетер ме екен? Сұлулығы Кейттің бақытына кедергі болар" деген жаман ой мазалайды.