Әлем ертегілері. Ерте, ерте, ертеде, бір құдіретті патша өмір сүріпті. Бірде оның Тарталья деген сүйікті ұлы қатты ауырып қалады. Сонда патша елдегі барлық данагөйлерді, емшілер мен сиқыршыларды шақыртып, баласына ем табуды бұйырады. Науқастың жағдайына қарап, әркім өз пікірін айтады. Емшілер - дәрімен, данагөйлер - жылы сөзбен, сиқыршылар - дуамен емдеу керек дейді. Бірақ, Тартальяға бұл емдердің ешқайсысы да көмектеспейді.