Орыс халық ертегілері. Көне заманда бір шаруа адам болыпты. Оның әйелі дүниеден ерте қайтып, артында үш қызы қалыпты. Күн өткен сайын шаруаға қыздарды бағып-қагу қиындай түседі. Ол енді үй шаруасына қарайтын қызметші жалдауды жөн көреді. Бірақ, кенже қызы Марья: -Әкетай, ешкімнің керегі жоқ, барлық үй тірлігін өзім қолға аламын,- дейді.