Альпі ертегісі бойынша. Тобиас атты бала орта дәулетті шаруаның отбасында туып-өсті. Ол егістік алқабында таңертеңнен кешке дейін ерінбей жұмыс істеп, еңбексүйгіш боп ержетті. Тобиас Аделаида есімді қызды жақсы көрді. Аделаида да оны қатты ұнатты. Екеуі ұзақ дос болып, бір-бірін жақсы білгеннен кейін, отау құруды үйғарады. Сөйтіп, бір күні шіркеуге барып, некеге тұрады. Тағдырдың қысылтаяң шағында бір-бірін ешқашан тастап кетпеуге ант беріседі. Тобиас пен Аделаида тату-тәтті өмір сүріп жатады. Арада біраз уақыт өткенде Аделаида дүниеге сүйкімді сәби әкеледі. Жас жұбайлар сәбидің есімін Хайди деп атайды.