Жер бетінде ағыны күшті, суы таза, мөп-мөлдір, арнасы кішкентай бір ағынды су болыпты. Ол тау басындағы кішкене бұлақтан бастау алады екен. Су тастан-тасқа шапши секіріп, жарысады. Көңілді сылдыр қағады. Басқа бұлақтармен қосылып, шағын өзенге айналып, тау етегіне қарай асығады. Ылдилаған сайын, ені жайылып, кеңейе түседі.