Ш. Перро ертегісінің желісі бойынша. Ертеде Мерлин атты сиқыршы өмір сүріпті. Ол келбетін қалауынша өзгертіп, кез келген нәрсеге айнала алады екен. Бір күні Мерлин қайыршы кейпіне еніп, сапарға шығады. Жер-жерді аралап жүріп, жолдан шаруаның үйін көріп тоқтайды. Отын кесуші мен оның әйелі оны жылы қабақпен қарсы алып, дастарқан жаяды. Үй иелерінің қонақжайлылығына Мерлин риза болады.