Ертеде, Норвегияның қиыр солтүстігінде бір шаруа өмір сүріпті. Оның тау бөктерінде жайылымы бар екен. Сол жайылымда пішен сақтайтын қорасы болыпты. Бірақ соңғы жылдары қораға жинаған пішеннен береке кетеді. Әулие Джон мерекесі қарсаңында белгісіз бір мақұлық пішенді жеп кетіп жүреді. Шаруа пішенінен бір айырылады, екі айрылады, ақырында мезі болып, ұрыны ұстаудың амалын ойлай бастайды.