Андерсен ертегілері. Жол бойында бір сарбаз келе жатты: бір-екі, бір-екі! Арқасында қапшығы, белдігінде қылышы. Бұл - оның соғыстан қайтып келе жатқан беті. Бір уақытта оған жалмауыз кемпір кезікті. Түрі сондай қорқынышты, астыңғы ерні салбырап, омырауына дейін жетеді.