Алдар Көсе халық ауыз әдебиетінде елге қайырымды, халықты қанаушыларды жек көретін, әділетсіздікке қарсы күресіп, қорғансыздарға көмектесетін, әзілқой адам ретінде суреттеледі. Алдар Көсенің бейнесі халық арасында әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші ретінде қалыптасқан. Бұл кітапқа Алдар Көсе туралы желілік әңгімелердің біразы енгізіліп отыр. Халықтың әрдайым уытты күлкіні жуандарға қарсы жұмсайтын өткір құрал еткені анық көрінетін бұл туындылар ауыз әдебиетін сүйіп оқитын жалпы жұртшылықтың көңілінен шығары сөзсіз.