Ағайынды Гриммдер ертегісінің желісі бойынша. Ертеде, орман ішіндегі кішірек үйде бір ағаш кесуші өмір сүріпті. Оның екі баласы бар екен. Әйелі қайтыс болып, ол екінші рет үйленеді. Өгей шеше екі баланы ұнайтпады. Бір жылдары осы аймақта егін шықпай, ашаршылық басталады. Ағаш кесушіге бала-шағасын асырау қиындық тудырады. Сонда әйелі: - Егер мына балалардан құтылмасақ аштан өлеміз. Гансель мен Греттельді қайтып келе алмайтындай алыс жерге апарып таста. Мүмкін оларды біреулер асырап алар, - дейді.