Бұл құралдың міндеттері: әліппедегі барлық әріпті жаза білу, олардың ұзындығы мен биіктігін келтіру, оларды сызық бойына бірдей көлбеумен бір-бірінен бірдей қашықтықта орналастыру қабілетін жетілдіру; әріп тіркестерін жазуды қайталау мен пысықтау; көру арқылы қабылданған сөздерге ойлану, оларды әріптерге бөліп жазу; сөздерді дұрыс қоса отырып үздіксіз жаза білу қабілетін пысықтау; қолжазба және баспа түрінде кескінделген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жаза білу қабілетін дамыту; сөйлемдерді дұрыс рәсімдеу қабілетін қалыптастыру және сөздердің арасындағы бос орындарды дұрыс қалдыру.